Қазақстанның 10 өңірінде инфляция баяулады
Қазанда елде жылдық инфляция 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%).
Жылдық инфляция 10 өңірде баяулады, 6 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.
Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5%-ды құрады (қыркүйекте – 12,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,7%) әлдеқайда жоғары, ал Алматы қаласында (10,4%) мейілінше төмен өсті.
Қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,0% болды (қыркүйекте – 10,8%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (14,0%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,5%) тіркелді.
Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,9%-ға дейін баяулады (қыркүйекте – 15,3%). Сонымен қатар Қызылорда облысында (8,6%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.
Қазанда ел көлемінде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.
Толық ақпарат: Ұлттық Банктің интернет-ресурсында
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz