1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР өңірлеріндегі азық-түлік, көрсетілетін қызмет, тауарлар: тамызда баға қалай өзгерді

Тамызда елде жылдық инфляция 12,2% болды (шілдеде – 11,8%). Жылдық инфляция 17 өңірде жеделдеп, 3 өңірде баяулады.

Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы жылдың мәнде 11,7% (шілдеде – 11,2%) болды. Осы топ тауарларының бағасы Ұлытау облысында (14,8%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (8,7%) ең төмен өсті.

Тамыздың қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдың мәнде 9,7%-ға (шілдеде – 9,5%) өсті. Ең жоғары мән Абай облысында (12,6%), ең төменгі мән Алматы қаласында (7,5%) тіркелді.

Тамызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдың мәнде 15,3%-ға дейін жеделдеді (шілдеде – 14,9%). Сонымен қатар Маңғыстау облысында (9,8%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.

Тамызда айлық инфляция ел бойынша 1,0%-ға өсті.

Толық ақпарат: Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz 

763.94 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға