1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚР өңірлердегі азық-түлік, көрсетілетін қызмет, тауарлар: шілдеде баға қалай өзгерді

Шілдеде елде жылдық инфляция 11,8% болды (маусымда – 11,8%). Жылдық инфляцияның қарқын алуы 12 өңірде тіркелді, 7 өңірде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды.

Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы жылдың мәнде 11,2% болды (маусымда – 10,6%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (14,0%) жоғары өсім көрсетсе, Алматы қаласында (8,8%) тіркелген өсім төмен болды.

Шілде айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдың мәнде 9,5% болды (маусымда – 9,4%). Ең жоғары мән Абай облысында (12,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (7,0%) тіркелді.

Шілде айында ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық мәнде 14,9%-ға дейін баяулады (маусымда – 16,1%). Сонымен қатар Маңғыстау облысында (9,3%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен өсті.

Шілдеде айлық инфляция ел бойынша 0,7%-ға өсті.

Толық ақпарат: Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

760.87 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға