1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банктері ақша-кредит саясатының өзекті мәселелерін талқылады

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банк басшылары Шолпан-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) өткен Орталық (ұлттық) банктердің консультациялық кеңесі отырысына қатысты.

Консультациялық кеңестің мүшелері ЕАЭО елдерінде инфляцияның қалыптасу және экономикалық белсенділіктің даму динамикасы мен факторларын талқылады. Ақша-кредит саясатының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар капиталдың контрциклді буфер әдіснамасын әзірлеу мәселесін, сондай-ақ оны әртүрлі елдерде қолданудың практикалық ерекшеліктерін қарады.

Отырыс барысында тараптар ESG-қағидаттарын ендіру бөлігінде ЕАЭО елдері реттеушілерінің тәсілдерін салыстырмалы түрде талдап, еуразиялық өңірдің орталық банктері арасында өткізілген кибержаттығулардың бірінші кезеңдегі қорытындысын тыңдады.

Сонымен қатар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында аймақтағы елдердің орталық банктерімен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

Орталық (ұлттық) банктер кеңесінің келесі отырысы Қазақстанда өткізілмек.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға