Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімді талқылау қорытындысын жариялауға көшеді
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы маусымнан бастап Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша шешімін талқылау қорытындысы тұрақты түрде жарияланатынын хабарлайды. Бұл құжат жылына 8 рет әрбір шешім қабылданғаннан кейін жарияланады. Талқылау қорытындысы – бұл Комитет мүшелері шешім қабылдау барысында қарастырған басты негіздер мен факторлардың қысқаша мазмұны.
Құжатты жариялаудағы мақсат – ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын арттыру, Комитеттің есептілігін күшейту, сондай-ақ нарық қатысушылары мен жалпы халықтың барынша негізделген күтулерін қалыптастыру. Құжатты әзірлеу кезінде жетекші орталық банктердің тәжірибесі мен тәсілдері, сондай-ақ Халықаралық валюта қорының ұсынымдары ескерілді.
2025 жылғы 5 маусымда жарияланған базалық мөлшерлеме бойынша шешімді талқылау қорытындысының алғашқы жарияланымы Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында «Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау графигі (2015–2025)» бөлімінде қолжетімді.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz