Алматыда қаржылық тұрақтылық пен монетарлық саясат мәселесіне арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді
Қатысушылар қаржылық тұрақтылық пен монетарлық саясаттағы сын-қатерлерді, аймақтағы инфляциялық процестерді және тұтынушылардың шок жағдайындағы мінез-құлқын талқылайды.
2025 жылғы 30 сәуір күні Алматы қаласында ҚР Ұлттық Банкінің «Жаһандық және ішкі шоктар жағдайындағы ақша-кредит саясаты мен қаржылық тұрақтылық» тақырыбына арналған V ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Іс-шараға экономика және қаржы саласындағы тәуелсіз сарапшылар, академиялық және зерттеу қауымдастығының, Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстан орталық банктері мен мемлекеттік институттардың өкілдері қатысады.
Конференцияда бірнеше бағытта зерттеу жүргізген сарапшылардың жұмыс нәтижесі жарияланады.
Атап айтқанда, ҚРҰБ пен аймақтағы өзге де орталық банктердің аналитиктері монетарлық саясаттағы өңірлік сын-қатерлер туралы зерттеу қорытындыларын жариялап, тұтыну дағдылары мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін, сондай-ақ баға шоктары мен құрылымдық теңгерімсіздік жағдайындағы макроэкономикалық үрдістерді талқылайды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz