1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Наурызда Қазақстанның 16 өңірінде инфляция қарқын алды

Наурызда елде жылдық инфляция үдеп (ақпанда – 9,4%), 10,0% болды. Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 4 өңірде баяулады.    

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді – 13,3%. 

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 7,6%-ға дейін қарқын алды (ақпанда – 6,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (10,6%) ең жоғары, ал Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында (6,3%-дан) мейілінше төмен өсім көрсетті.

Наурызда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 9,1%-ға дейін жеделдеді (ақпанда – 8,7%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (15,2%), ең төмен мән Алматы облысында (5,8%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 14,3%-ға дейін жеделдеді (ақпанда – 14,1%). Сонымен қатар баға Батыс Қазақстан облысында (19,1%) жалпы республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары, Павлодар облысында (7,2%) едәуір төмен өсім көрсетті. 

Наурызда айлық инфляция елде 1,3%-ға өсті.

Толық ақпарат Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға