1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2024 жылдың қорытындысы: қазақстандықтар халықаралық ақша аударымдарының жүйесі арқылы шетелге 789 млрд теңге жіберді

2024 жылы ХААЖ (халықаралық ақша аударымдары жүйесі) арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,05 трлн теңге болды. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 21%-ға төмен.

Шот ашпастан ХААЖ арқылы жүргізілген барлық операцияның 97%-ы Қазақстан мен басқа елдердің арасындағы трансшекаралық аударымдарға тиесілі.

Шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі – 788,9 млрд теңге немесе ХААЖ арқылы жүргізілген трансшекаралық аударымдардың жиынтық көлемінің 77%-ы. Қазақстаннан шетелге жасалған бір аударымның орташа сомасы 373,6 мың теңге болды. 

ХААЖ арқылы жүргізілген осы аударымдарды алушы негізгі елдер – Өзбекстан (29,7%), Ресей (29,4%), Түркия (19,8%), Грузия (6,8%) және Қырғызстан (3,7%). Бұл аударымдардың шамамен 83%«Золотая Корона» жүйесі арқылы жүргізілген.

Шетелден алынған ақша аударымдарының көлемі – 236,8 млрд теңге немесе ХААЖ арқылы жүргізілген трансшекаралық аударымдардың жиынтық көлемінің 23%-ы. Шетелден Қазақстанға жасалған бір аударымның орташа сомасы 300,6 мың теңге болды. 

ХААЖ арқылы жүргізілген осы аударымдарды жіберуші негізгі елдер – Ресей (26,1%), АҚШ (13,7%), Оңтүстік Корея (10,3%), Өзбекстан (10,0%) және Түркия (8,6%). Операциялардың 81%-дық үлесі «Золотая Корона» және «Вестерн Юнион» төлем жүйелеріне тиесілі.

Халықаралық ақша аударымдары жүйесі банктік шот ашпай-ақ аударым жасау үшін пайдаланылатынын атап өтеміз. Негізінен, бұл аударымдар жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударым сипатында болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға