1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ІБИ: іскерлік белсенділік өндірісте айтарлықтай жақсарды

2025 жылғы ақпандағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі  

ІБИ көрсеткішінің динамикасы туралы

2025 жылғы ақпанда іскерлік белсенділік жақсарып, 51,3 құрады. Іскерлік белсенділік өндіріс пен қызмет көрсету секторында өсті, онда индекс тиісінше 54,0 және 50,6 болып, теріс аймақтан оң аймаққа өтті (қаңтарда – 49,9 және 49,7). Саудада іскерлік белсенділік өзгеріссіз қалды (51,6), ал құрылыста 50,3-ке дейін (қаңтардағы 51,0-ден) баяулағаны байқалады. Осылайша, тау-кен өндіру өнеркәсібінде ғана іскерлік белсенділік нашарлағаны сезілді. Онда көрсеткіш 48,5 болып (қаңтарда – 49,8) төмендеу аймағында қалды. Өндірісте көрсеткіш жаңа тапсырыс, жаңа өнім мен жұмыспен қамту деңгейінің көлемі біршама жоғарылауы есебінен өсті.

Бизнес-ахуал индексінің динамикасы туралы

2025 жылғы ақпанда бизнес-ахуал индексі (БАИ) бизнес жүргізудің қазіргі және келешек жағдайын бағалаудың төмендеуіне қарамастан, оң қалпында қалды. Бизнес-ахуал индексі 9,4-ке дейін (қаңтардағы 12,8-ден) төмендеді. Бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аясында қалды.     

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, экономикада сұраныстың өсу қарқыны жоғарылады, алайда құрылыста сұраныс бәсеңдей түсті. Ең жоғары өсім өндірісте тіркелді. Респонденттер инфрақұрылымның өзгеруіне біршама оң баға беріп отыр. Ал қалған факторларды (бизнесті қорғау мәселесін, салық жүктемесін және қаржыға/кредитке қолжетімділікті) теріс бағалады, әсіресе, салық жүктемесін және бизнесті қорғау мәселесін бағалау көрсеткіші нашарлады. 

Толығырақ – Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға