1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк пен ХВҚ-ның Өңірлік орталығы мемлекеттік қызметкерлерге арнап ұлттық семинар өткізіп жатыр

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығымен (ССАМТАС) бірлесіп, лауазымы жоғары мемлекеттік қызметкерлерге арналған макроэкономикалық және макрофискалдық негіздер бойынша ұлттық семинар ұйымдастырды. 27 ақпанда Алматы қаласында басталған іс-шара 1 наурызға дейін жалғасады. 

Семинар жұмысына Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып жатыр. ХВҚ мен Ұлттық Банк сарапшылары дәріс оқып, сөз сөйлейді, сондай-ақ жекелеген модульдер аясында министрліктер мен ведомстволардың өкілдері баяндама жасайды.

Семинарға қатысушылар экономика өсімі, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын үйлестіру, халықаралық статистикалық стандарттар мен макроэкономикалық талдау құралдары туралы пікір алмасып, талдау әдістерін қарастыру арқылы ұсыныстар әзірлеп жатыр. Бұл ұлттық тәжірибені халықаралық практикамен салыстыруға, алдағы реформалардың бағытын айқындауға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығы 2023 жылы 9 маусымда Алматы қаласында ашылды. Орталық Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдеріндегі ХВҚ қызметін үйлестіреді. 

Орталық мемлекетті басқару, ақша-кредит және бюджет саясаты, қаржы секторын дамыту салаларында құзыреттілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерді зерттеу мен қолдану бағытында жұмыс істейді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон нөмірі арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға