1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады

Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласындағы зерттеулерге арналған V ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім қабылдауды жалғастырады.

Конференция 2025 жылдың сәуір-мамыр айында Алматыда өтеді.

Жоғары оқу орындарының (оқытушылар, докторанттар) және зерттеу  ұйымдарының қызметкерлерін келесі тақырыптар бойынша сессияға қатысуға шақырамыз:

  • Ақша-кредит саясатындағы ұзақмерзімді трендтер мен жаңа сын-қатерлер;
  • Инфляция және инфляциялық болжам;
  • Макроэкономикалық өзгерістердің қаржы тұрақтылығына әсері;
  • Орталық банктердің қаржы тұрақтылығын сақтаудағы рөлі;
  • Қаржы нарығы мен институттары үшін тәуекелдер мен сын-қатерлер.

Конференцияда Ұлттық Банк қызметкерлерінің, халықаралық ұйымдар мен академиялық қауымдастықтың ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласындағы өзекті тақырыптарға қатысты жүргізген зерттеу нәтижесі ұсынылады.

Қызығушылық танытқан жағдайда 2025 жылдың 28 ақпанына дейін (осы күнді қоса алғанда) «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасына өтінімді және ғылыми жұмысыңызды қоса жіберіңіз.

Конференцияда баяндама жасау үшін таңдалған авторларға тиісті хабарлама жіберіледі.

Сұрақтарыңыз болса, көрсетілген электрондық пошта арқылы ұйымдастырушыларға хабарласуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға