1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржы ұйымдарында кассалық үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚҰБ 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 Басқарма қаулысына (бұдан әрі – Қағида) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Бұл өзгерістер (кассалық торап үй-жайларына қатысты) жекелеген  нормаларды  үй-жайларды бұзу және ену қатерлерінен қорғаудың өзекті әдістері көрсетілген ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру аясында енгізілді.

Жаңартылған талаптар кассалық торап үй-жайларындағы терезе ойықтарын қорғау мақсатында орнатуға рұқсат етілген жабдықтардың тізбесін кеңейтуді, сондай-ақ сейф бөлмелеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын өзектендіруді көздейді. Бұл шаралар қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға, құндылықтарды сақтауға және үй-жайлардың эстетикалық келбетін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл ретте, енгізілетін өзгерістерге сәйкес үй-жайларды бейімдеу қаржы ұйымдарының шығыстарына тікелей әсер ететінін ескере отырып, өтпелі кезең көзделген. Яғни, қаржы ұйымдары 2 жыл ішінде (ресми жарияланған сәттен бастап) кассалық операцияларды жүзеге асыруға арналған үй-жайларды сәйкестендіруге тиіс. Сондай-ақ, Ұлттық пошта операторы қызметінің әлеуметтік құрамдас бөлігін ескере отырып, оған қатысты жеке өтпелі кезең 5 жыл ішінде көзделді.

Қағиданың толық мәтінімен ҚҰБ ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға