Ұлттық Банк Ашық деректер репозиторийінің бета нұсқасын іске қосты
Ашық деректер репозиторийі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми статистикалық ақпаратын машинада оқылатын форматта (қолмен өңдеуді қажет етпейтін бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы талдау жасауға бейімделген) жариялауға арналған портал. Бұл жоба ҚРҰБ-тың Деректер фабрикасын құру аясында интерактивті режимде талдау құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылып отыр. Репозиторий Ұлттық Банк экожүйесінің деректерін мемлекеттік органдар мен басқа да қызығушылық танытқан ұйымдардың сыртқы платформаларымен интеграциялауға мүмкіндік береді.
Қазір ҚРҰБ-тың Ашық деректер репозиторийі бета-нұсқа режимінде data.nationalbank.kz мекенжайы бойынша іске қосылды.
Деректерді интеграциялауды жеңілдету үшін портал әзірлеушілер мен талдаушылардың жұмысын жеңілдететін API қосылымын (бағдарламалық құрал қолданбаларының бір-бірімен әрекеттесуіне мүмкіндік беретін деректер алмасу стандарты) қамтамасыз етеді.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz