Ұлттық Банктің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға өтінім қабылданатыны туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты мен қаржы тұрақтылығы саласындағы зерттеулерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылардан өтінім қабылдайды.
Конференция 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматы қаласында өтеді.
Баяндамашы ретінде қатысуға экономика, қаржы және осы салаларға қатысты пәндер бойынша жұмыс істейтін зерттеушілер, сарапшылар және практиктер шақырылады.
Мына бағыттағы тақырыптар бойынша баяндама жасап, қатысуға өтінім беруге болады:
- Ақша-кредит саясатындағы ұзақмерзімді трендтер мен жаңа қиындықтар;
- Инфляция және инфляциялық болжам;
- Макроэкономикалық өзгерістердің қаржы тұрақтылығына әсері;
- Орталық банктердің қаржы тұрақтылығын сақтаудағы рөлі;
- Қаржы нарығы мен институттары үшін тәуекелдер мен сын-қатерлер.
Баяндамада заманауи зерттеу әдісін қолдана отырып жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері қамтылуға тиіс. Баяндама ұзақтығы – 20 минут.
Баяндамада мынадай ақпарат болуы керек:
- Өтінім беруші туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қысқаша өмірбаяны);
- баяндама тақырыбының саласы;
- 2000-нан 7000 таңбаға дейінгі pdf форматында баяндаманың толық жазылған аңдатпасы. Аңдатпада қарастырылатын мәселенің, зерттеу әдістемесінің, оның негізгі нәтижелерінің, олардың негізділігі мен жаңашылдығының нақты сипаттамасы көрсетілуге тиіс.
Өтінімдер «Конференцияға қатысуға өтінім» деген белгімен conference@nationalbank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Өтінім қабылданатын соңғы күн – 2025 жылдың 28 ақпаны (осы күнді қоса алғанда).
Сұрақтарыңыз болса, көрсетілген электрондық пошта арқылы ұйымдастырушыларға хабарласуға болады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz