Ұлттық Банк Қазақстан қор биржасымен (KASE) және Citibank-пен бірлесіп, Қазақстан МБҚ нарығының мүмкіндіктерін халықаралық инвесторлармен талқылады
2024 жылғы 23 қыркүйекте Лондонда «Kazakhstan Local Debt Market» іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына халықаралық инвестициялар тарту.
Іс-шараға жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторлардың кең тобын білдіретін 50-ден астам компания қатысты. Қазақстан мен халықаралық инвесторлар тарапынан спикерлер негізгі макроэкономикалық үрдістер мен Қазақстан қаржы нарығының қазіргі жай-күйін талқылады.
«Macroeconomic Outlook and Investment Opportunities in Kazakhstan» сессиясы аясында Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мен Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов презентациямен сөз сөйледі. ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов «Kazakh Local Currency Bonds: Improving Liquidity and Infrastructure» сессиясы аясында баяндама жасады.
Іс-шара тәжірибе алмасу және Қазақстанның борыш нарығына халықаралық инвесторлардың одан әрі қатысу келешегін талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Бұл оқиға жаһандық инвестициялық қоғамдастықтың Қазақстан МБҚ нарығының мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру бойынша белсенді жұмыстың және халықаралық аренада отандық қаржы құралдарына қызығушылықты арттырудың бір бөлігі болып табылады.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz