1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан мен Грузияның орталық банктері Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

18 қыркүйек күні Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Грузия Ұлттық Банкі Төрағасының міндетін атқарушы Натела Турнавамен кездесті.

Кездесу барысында орталық банктердің басшылары ағымдағы макроэкономикалық ахуал мен ақша-кредит саясаты мәселелерін, қаржылық технологиялар, төлем жүйелері саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, орталық банктер қызметінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік және екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум ақпарат алмасу және өзара консультациялар өткізу арқылы өзара іс-қимылды нығайтуға және кеңейтуге бағытталған.

Меморандумға қол қою – қаржы саласындағы Қазақстан-Грузия ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадамның бірі.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға