1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк пен ҚР Үкіметі ХВҚ делегациясымен қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады

16 қыркүйек күні Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов пен Премьер-министр Олжас Бектенов ХВҚ делегациясының Қазақстанға сапары аясында Халықаралық Валюта Қорының басқарушы-директор орынбасары Бо Лимен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін, оның ішінде тәжірибе алмасуды және Қазақстанда ХВҚ-ның консультациялық миссиясын 2024 жылдың қыркүйек айында өткізу жайын талқылады. 2025 жылға бағытталған ынтымақтастық жоспарын талқылау барысы да келіссөздердің маңызды бөлігіне айналды.

Сапар барысында ХВҚ мен Дүниежүзілік банк тобының,  сондай-ақ Қазақстан мүшелікке өткен Швейцариялық шағын топтың жыл сайынғы кездесулері аясында Қазақстан мен ХВҚ-ның жемісті ынтымақтастығы атап өтілді.

Сапар соңында тараптар жақын арада ХВҚ миссиясын өткізу Қазақстанның экономикалық өсуі мен қаржы секторының тұрақтылығына бағытталған негізгі реформаларды іске асыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға