1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан мен Германияның орталық банктері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

16 қыркүйек күні Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов пен Германия канцлері Олаф Шольцтың ресми делегациясы құрамында Қазақстанға келген Германия Орталық банкі Атқарушы Кеңесінің мүшесі Бурхард Бальц өзара түсіністік туралы екіжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум орталық банктер қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша кәсіби өзара іс-қимылды және сарапшылық диалогты кеңейтуге, атап айтқанда, ақша-кредит саясатын, макропруденциалдық реттеу ісін және қаржылық тұрақтылықты ілгерілетуге бағытталған шараларды іске асыру аясында коммуникациялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, менеджмент жүйесі мен тәуекелдерді басқару ісін жетілдіру, зерттеу қызметін дамыту, финтех, қаржы секторындағы цифрландыру және цифрлық қаржы активтерін реттеу саласында ынтымақтастық орнамақ.

Меморандум ережелеріне сәйкес техникалық ынтымақтастық озық практикалар мен халықаралық тәжірибені талқылау үшін екіжақты кездесулерді, өзара практикалық семинарлар мен сарапшылық пікірталастарды өткізуді көздейді.

Сапар барысында Қазақстан мен Германия орталық банктерінің басшылары екіжақты кездесу өткізіп, 2025 жылға арналған жоспарлар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Екіжақты бастамаларды жүзеге асыруға ынталандыратын және өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ететін негізгі келісімдерге қол жеткізілді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға