1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк 2024 жылдың тамыз айы бойынша ақша-кредит саясаты туралы баяндама жариялады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Ақша-кредит саясаты туралы баяндама. Тамыз 2024» құжатын жариялады. Құжатта болжамның алғышарттары, 2026 жылға дейінгі базалық және баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық даму серпіні ұсынылған.

Сондай-ақ, құжат төлем балансы ағымдағы шотының болжамын, ағымдағы макроэкономикалық жағдайлар мен ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы ахуал туралы мәліметтерді қамтиды.

Бұдан бөлек, баяндамаға халықтың ұлттық валютаға деген «сенімінің прокси-индикаторын» бағалау, шетелдік азаматтар тарапынан сұраныстың тұтынушылық сұранысқа әсері, азық-түлік инфляциясына импорт үлесі және мұнай емес фискалдық импульс сияқты тақырыптарға арналған бокстар енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, осы шығарылымнан бастап Ұлттық Банк Ақша-кредит саясаты туралы баяндама аясында орта мерзімді кезеңге арналған ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемесінің траекториясын бағалауды жариялайтын болады. Бұл шара инфляциялық таргеттеу режимі аясында коммуникациялық саясаттың транспаренттілігін, нарық, халық және бизнес үшін қаржылық сенімділікті одан әрі арттыруға бағытталған.

Толығырақ Ұлттық банктің интернет-ресурсынан оқыңыз.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға