1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Іскерлік белсенділік маусым айында айтарлықтай жақсарды

2024 жылдың маусым айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2024 жылғы маусымда іскерлік белсенділіктің жақсару үрдісі жалғасып, Іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) 51,4 құрады. Көрсеткіш бесінші ай қатарынан оң аймақта тұр. Көрсеткіштің жақсаруы қызмет көрсету секторы мен өндірісте байқалды. Аталған секторларда ІБИ өсу аймағында қалды. Құрылыста индекс өсу аймағында қалып 51,8 (мамырда – 52,2), қызмет көрсету секторы мен өндірісте 51,7 құрады (мамырда сәйкесінше 51,6 және 50,7). Аталған секторларда жеткізу мерзімінен басқа барлық компоненттер жақсарды.

Тау-кен өнеркәсібінде 49,5-ке дейін (мамырдағы 49,1-ден) өскеніне қарамастан, тауарлы-материалдық қорлар көлемінің төмендеуіне байланысты көрсеткіш теріс аймақта қалып отыр.

Бизнес-климат индексі 2024 жылғы маусымда аздап төмендеді, бірақ оң болып қалды. Бизнес жүргізудің қазіргі және келешек талаптары оң бағаланады, ал келешектегі бизнес-талаптарға қатысты оптимизм төмендеді. Осылайша бизнес-цикл «сағатының» индикаторы өсу аймағында қалып отыр.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

567.9 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға