«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының арнайы шығарылымы жарияланды
3 мамыр күні Алматы қаласында өткен «Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары» атты ғылыми-практикалық семинар-конференцияның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» басылымының арнайы шығарылымы жарияланды.
Арнайы шығарылымда ғылыми пікірталасқа қатысушы: Ұлттық Банк сарапшыларының, академиялық қоғамдастық, зерттеу орталықтары мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Бірінші бөлімде макроэкономикалық саясат, үйлестіру және жалпы экономикалық тұрақтылық туралы мақалалар қамтылған. Ғылыми еңбектерде ақша-кредит және фискалдық саясат мәселелері, сондай-ақ еңбек нарығының мәселелері және оның ақша-кредит саясатымен және инфляциялық процестермен байланысы баяндалады.
Екінші бөлімде сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету факторларының бірі ретінде қаржы нарығына арналған мақалалар берілген. Осы бөлімдегі жарияланымдар қаржы нарығына қатысушылардың әртүрлі санаты – үй шаруашылықтарынан бастап нарықтың кәсіби қатысушылары мен бағалы қағаздар эмитенттеріне де қатысты мәселелерді ашып көрсетеді. Қазақстандағы экономикалық және кредиттік цикл динамикасын ауқымды тарихи зерттеу негізінде капиталдың контрциклдік буфері сияқты макропруденциялық реттеу құралын ендірудің кейбір мәселелері қарастырылды. Екінші бөлімдегі мақалалардың бірі қаржылық алаяқтық проблемаларына арналған.
Экономикалық шолудың арнайы шығарылымы Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланды.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz