1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

ЕАЭО-ға қатысушы елдердің орталық банк басшылары қазіргі экономикалық жағдайды талқылады

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық банк басшылары Консультациялық кеңес пен Орталық (ұлттық) банктердің еуразиялық кеңесі (БЕК) отырысына қатысты.

Консультациялық кеңестің мүшелері ақша-кредит саясаты мәселесі бойынша пікір алмасып, инфляция динамикасы мен қаржы нарықтарындағы жағдайды талқылады.

БЕК отырысы барысында тараптар төлем балансы көрсеткіштерін қалыптастыру, цифрлық активтерді реттеу тәжірибесі төңірегінде пікір алмасып, орталық банктердің ESG бағытындағы қызметін, сондай-ақ қатысушы елдер банк секторының 2023 жылғы жұмыс қорытындысы мен оның 2024 жылға арналған даму перспективаларын талқылады.

Сарапшылар ақша белгілерін шығару, нумизматикалық нарықты дамыту, жалған ақша жасаумен күрес, орталық банк қызметкерлерін кәсіби тұрғыда оқыту мәселелерін де талқыға салды.

Орталық банктер кеңесінің келесі отырысы 2024 жылдың күзінде өткізу жоспарланып отыр.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға