1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ІБИ: бизнес-климат индексі 11,5-тен 15,6-ға дейін біршама өсті

2024 жылдың наурыз айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі     

2024 жылғы наурызда іскерлік белсенділік жақсарып, 50,3 болды.

Өндіріс пен қызметте іскерлік белсенділік индексі тиісінше 51,0-ге және 50,5-ке дейін артты (ақпанда тиісінше – 50,2 және 50,3). Мұнда жеткізілім мерзімін қоспағанда, барлық құрауыштың жақсарғаны байқалды.

Құрылыста көрсеткіш 48,2-ға дейін (ақпандағы 49,2-дан) төмендеді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш ұлғайғанына қарамастан 49,3 (ақпанда – 48,6) болып, теріс аймақта қалды. Мұнда жеткізілім мерзімі қысқарғаны, тауар-материалдық қорлардың көлемі мен жаңа өнім көлемі артқаны байқалады.

Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды бағалау біршама жақсарды. Қазіргі және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 15,6 (ақпанда – 11,5) болды. Ал бизнес-циклдің «сағат» индикаторы  өсу жағында қалды.  

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға