1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қытай Халық Республикасына сапары

28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты – мына негізгі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты кеңейту: қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайту, Қазақстанның қаржы нарығына жаңа қатысушылар мен инвестицияларды тарту арқылы стратегиялық әріптестікті кеңейту.

Сапар аясында Қытай Халық банкінің Төрағасымен және басшылығымен, Ұлттық қаржылық реттеу басқармасының Министрімен, сондай-ақ Қытай банктері қауымдастығының Төрағасымен және ірі коммерциялық банктердің басшылығымен бірқатар кездесу өтті. Оның барысында тараптар «Бір жол, бір белдеу» бастамасын іске асыру маңыздылығына тоқталды. Бұл көлік байланысын жақсартып қана қоймай, қатысушы елдердің шетелдік инвестициялары мен саудасын арттырады. Орталық банкпен және реттеушімен өткен кездесу аясында макроэкономикалық ахуал сөз болып, тараптар банкаралық ынтымақтастықтың бүгінгі жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Қазақстан мен Қытай орталық банктерінің басшылары қаржы тұрақтылығы, орталық банктердің цифрлық валюталары және қаржы нарығын реттеу мәселелеріндегі екіжақты өзара іс-қимыл бағыттарын атап өтті.

Тараптар екі елдің қаржы институттарына көмек көрсетуге және қаржылық-банктік ынтымақтастықты кеңейту үшін қолайлы жағдай жасауға уағдаласты.

Қытай банктері қауымдастығының Төрағасымен және ірі коммерциялық банктердің басшылығымен (Қытай банкі, Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі, Қытайдың ауыл шаруашылығы банкі, Қытайдың құрылыс банкі) өткен кездесулерде қазақстандық делегация шетелдік инвестицияларды елдің қаржы секторына тарту шаралары жайында айтып, қос тарапты экономиканы кредиттеу және жан-жақты қаржы-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту турасындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру ісін жалғастыруға шақырды.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға