1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

TÚIE мен BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 27 ақпаннан бастап «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясынан номиналы 5 000 теңгелік TÚIE мен «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» сериясынан номиналы 1 000 теңгелік BALQASH ALABUGASY коллекциялық күміс монеталары ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы сатыла бастағанын хабарлайды.

Номиналы 5 000 теңгелік TÚIE коллекциялық монетасы күмістен cоғылған, сынамасы –925/1000. Бетінде диаметрі 2 мм гауһар тас бар. Монетаның диаметрі – 100 мм, массасы – 25 oz (777,5 грамм), дайындау сапасы – proof. Монетаның таралымы – 200 дана;

Монетаның суреті

Номиналы 1 000 теңгелік BALQASH ALABUGASY коллекциялық монетасы күмістен cоғылған, сондай-ақ күрделі бедер салу және 3D технологиялары қолданылған. Сынамасы – 925/1000. Монетаның диаметрі – 50 мм, массасы – 100 грамм, дайындау сапасы – proof. Монетаның таралымы – 500 дана;

Монетаның суреті

Номиналы 5 000 теңгелік TÚIE және номиналы 1 000 теңгелік BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталары ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылатынын еске саламыз. Бірақ, сатып алушы монетаны тек өзі таңдаған ҚҰБ аумақтық филиалынан алып кету опциясын таңдай алады. Бұл шара бағалы металдан жасалған коллекциялық монеталар құнының жоғары болуына байланысты қолданылып отыр.

Әртүрлі жеткізу жолдарын таңдай отырып, бір уақытта бірнеше монета сатып алу мүмкін емес екенін ескертеміз. Яғни монеталарды сатып алғанда, бір тапсырысқа тек бір жеткізу тәсілін – алып кетуді немесе жеткізіп беруді таңдай аласыз.

Аумақтық филиалдарға бару кезегін ұйымдастыру үшін интернет-дүкенде келу күні мен уақытын брондау функциясы іске қосылды. Интернет-дүкеннен монета сатып алғаннан кейін пайдаланушының электрондық поштасына тапсырыстың расталғаны туралы хабарлама келеді. Онда аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты алдын ала белгілейтін сілтеме болады.

Сондай-ақ, аумақтық филиалға баратын күн мен уақытты пайдаланушының жеке кабинетіне кіріп, «Менің тапсырыстарым» бөліміндегі расталған тапсырыс карточкасында алдын ала белгілеуге болады. Аумақтық филиал растаған соң тапсырыс карточкасында күн мен уақытты белгілеу батырмасы пайда болады.

Интернет-дүкеннен монета сатып алу, оның ішінде аумақтық филиалдарға баратын күн мен уақытты алдын ала белгілеу туралы толық нұсқаулықты https://www.youtube.com/watch?v=wUG47m5dR_0 сілтемесінен таба аласыздар.

Егер пайдаланушы алдын ала белгілеген күн мен уақытта аумақтық филиалдың кассасы жеке немесе заңды тұлғаға қызмет көрсетіп жатқан болса, келушілер өз тапсырысын кезекке тұрып ала алатынын ескертеміз.

Сатып алушы монеталарды ҚҰБ аумақтық филиалдарының кассасынан ала алады. Ал, қолында тапсырысты растайтын құжат пен жеке куәлігі болуы керек. Тапсырыстың расталғаны туралы құжатты пайдаланушының жеке кабинетіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімінен жүктеп алуға болады. Сонымен қатар, монеталарды әркім өзі алып кетуі керек екенін немесе нотариалды түрде куәландырылған, тапсырыс нөмірі жазылған сенімхаттың түпнұсқасын көрсете отырып алу қажет екенін еске саламыз. Монеталар жеткізу қызметінің курьерлеріне берілмейді.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына нөмірге хабарласып ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға