1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың шілде айындағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады.

2023 жылдың шілде айында елде жылдық инфляция баяулап, 14,0%-ды құрады (маусымда – 14,6%). Аймақ деңгейінде қарағанда, жылдық инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді.   

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тіркелді.   

Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін (маусымда – 14,6%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,9%) барынша тез, ал Атырау облысында (11,3%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 15,0%-ға дейін баяулады (маусымда – 15,8%). Ең жоғары мән Астана қаласында (19,6%), ең төмен мән Ұлытау облысында (11,6%) тіркелді.

Шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,6%-ға дейін өсті (маусымда – 13,3%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ұлытау облысында (17,5%) біршама тез, Абай облысында (10,1%) айтарлықтай баяу өсті.

2023 жылдың шілде айында елде айлық инфляция 0,6%-ды құрады.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1977

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ал алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

591.14 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға