1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2023 жылдың ақпан айындағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі

2023 жылдың ақпан айында елде жылдық инфляция 21,3%-ды құрап (қаңтарда – 20,7%), қарқын ала түсті. Аймақтар бойынша инфляция 17 өңірде жеделдеп, 3 облыста баяулады.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Ақмола облысында тіркелді.

Ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 26,2%-ға (қаңтарда – 25,7%) өсті. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (32,1%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (24,6%) мейілінше баяу өсті .

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 20,5%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 20,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (31,3%), ең төменгі мән Алматы облысында (16,1%) тіркелді.

Ақпанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,0%-ға өсті (қаңтарда – 14,2%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ақмола облысында (20,2%), біршама төмен Шымкент қаласында (11,2%) өсті.

2023 жылғы ақпанда елде айлық инфляцияның өсімі де 1,3%-ды құрап, жеделдей түсті. Бұл соңғы 5 жылдағы (2018-2022 жылдары: 0,6%) ақпан айындағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1768

Жоғарыға