1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк өкілдерінің ЖОО-мен және зерттеу институттарымен кездесулерінің қорытындысы туралы

Ұлттық Банк (бұдан әрі – ҚҰБ) Астана мен Алматы қалаларында жоғары оқу орындары мен  ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдерімен кездесу өткізді.

ҚҰБ өкілдері академиялық қоғамдастықпен ақша-кредит саясатын (АКС) жүзеге асырудағы ғылыми-зерттеу қызметінің стратегиялық міндеттері мен рөлін, ағымдағы экономикалық жағдайды бағалау мен өз болжамдарын, Ұлттық Банктің зерттеу бағдарламасы мен зерттеуге ұсынылатын гранттарын талқыға салды.

Кездесу кезінде Ұлттық Банк ЖОО өкілдеріне 2023 жылдың 25 сәуіріне жоспарланған «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық шынайылықтың сын-қатерлері» ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындық жұмыстарының жүргізіліп жатқаны туралы да хабарлап өтті.

Конференция мақсаты мен зерттеу бағыттарының басымдық берілер негізгі бағдары түсіндірілді.

Конференцияға қатысушылар үшін Ұлттық Банк тарапынан жүргізіліп отырған зерттеулердің нәтижелерімен танысуға, ақша-кредит саясаты мен макроэкономикалық үйлестіру саласындағы өз білімдерін және өз әзірлемелерін ортаға салуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк АКС стратегиялық мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға өтінім қабылдау 2023 жылдың 30 наурызына дейін жалғасатынын еске салады.

Толығырақnationalbank.kz/kz/news/informacionnye-soobshcheniya/15234

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 775 210
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға