1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк «Макропруденциалдық құрал ретінде депозиттер бойынша жоғары ставкаларға салынатын Пигу салығы: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында экономикалық зерттеу жариялады

Ұлттық Банк «Макропруденциалдық құрал ретінде депозиттер бойынша жоғары ставкаларға салынатын Пигу салығы: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында экономикалық зерттеу жариялады.

Зерттеу нарықтан жоғары мөлшерлемелер бойынша депозиттер тартатын банктер үшін депозиттерге кепілдік беру жүйесіне жоғарылаған жарнаны бағалауға және талдауға арналған. Бұл механизм Пигу салығы ретінде құрылымдалған. Жүйелік тәуекел үшін қосымша жарна депозиттер нарығындағы баға бойынша шамадан тыс бәсекелестікті сақтау үшін енгізілді.

Дайындалған мақалада депозит нарығының проблематикасы, депозиттер бойынша жоғары ставкалар үшін төлемді енгізу кезеңдері, жүйелік тәуекелді іштей енгізудің ұсынылған тетігінің икемділігін бағалау қарастырылады.

Зерттеу барысында авторлар енгізілген макропруденциалды құрал депозит нарығындағы жағымсыз сыртқы әсерлерді бейтараптандыру тұрғысынан сәтті деген қорытындыға келді, бірақ одан әрі  пысықтауды қажет етеді. Авторлардың макропруденциалдық құрал ретінде банк секторындағы жүйелік тәуекел үшін төлемді одан әрі реформалау жөніндегі ұсыныстары мақалада көрсетілген.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

550.83 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға