1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

S&P халықаралық агенттігі Қазақстанның егемен рейтингін «BBB–» деңгейінде сақтай отырып, рейтингтік болжамын «терістен» «тұрақтыға» көтерді

2023 жылғы 3 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің болжамын «теріс»  деңгейден «тұрақтыға» дейін қайта қарап, «BBB-» деңгейін растады. Бұл шешім, ең алдымен, Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысындағы кідірістерге байланысты тәуекелдердің ықпалын бәсеңдететін жинақталған резервтердің айтарлықтай көлеміне және бюджеттік тұрақтылыққа байланысты қабылданды.

S&P Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің кірістілік қисығын құру мақсатында теңгедегі облигациялардың екінші нарықтағы өтімділігін арттырудағы бірлескен қызметін оң бағалады. Сонымен қатар Ұлттық қордан шетел валютасын сату көлемдерін жариялау арқылы Ұлттық Банктің валюта нарығындағы ашықтықты арттырғанын атап өтті.

Рейтинг агенттігінің пікірінше, құрылыс, ақпарат және коммуникация сияқты салалардағы өсудің арқасында Қазақстан экономикасы 2022 жылы жылдық мағынада 3,2%-ға өсім көрсетті. Сонымен қатар алдағы 3 жылда экономиканың өсуі жылдық мағынада 4% құрауы мүмкін.

Орта мерзімдік перспективада елдің егемен рейтингі борыштық жүктеменің өсу динамикасы мен борышқа қызмет көрсетуді бәсеңдететін бюджеттік саясатты жетілдіргенде жоғарылауы мүмкін.

Ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру, қалыпты инфляция, валюта айырбастау бағамы саясатын ұстануды жалғастыру мен экономикадағы  долларланудың төмендеуі де жақсарудың факторларына жатады.

Сонымен қатар, S&P пікірі бойынша, ұзақ мерзім бойы қазақстандық мұнай экспортының айтарлықтай төмендеуі, экономиканың сыртқы позициясының әлсіреуі мен бюджеттік дефициттің өсуі Қазақстанның егемен рейтингін төмендетуі мүмкін.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға