1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталарының сатылымға шығатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2022 жылғы 17 қарашадан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығатынын хабарлайды.

Монеталар http://kazcoins.nationalbank.kz/ платформасында ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

JAMBYL. 175 JYL монеталарының сипаттамасы

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана.  

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Жиегі «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазумен айналдыра көмкерілген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар.

Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі көрініс тапқан, орта тұсында ақынның «Артықша туған азамат» өлеңінің жолдарын оқуға болады. Жиегінде «JAMBYL» және «QAZAQ HALYQ AQYNY» жазулары айналдыра басылған.

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті. 

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға