1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгресі өтеді

2022 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі өтеді. Бұл іс-шараны Қазақстан Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырады. 

Дәстүр бойынша, Қаржыгерлер Конгресі мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары өкілдерінің қаржы секторы мен макроэкономикалық саясаттағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқыға салатын негізгі диалог алаңы болып табылады.

Бұл жолы қатысушылар экономиканы несиелендірудегі жүйелі тәсілдер, қаржылық және нақты сектордың өзара әрекеттесуі, сақтандыру нарығын дамыту, қаржылық қолжетімділікке цифрлық тәсіл, сондай-ақ қор нарығындағы жаңа инвестициялық мүмкіндіктер секілді тақырыптарды қарастырады. Сондай-ақ, Конгресс аясында «Цифрлық теңге» жобасы таныстырылады.

Конгресс онлайн және офлайн форматтарда ұйымдастырылатынын атап өтеміз. Пленарлық сессиялар мен панельді талқылаулардың онлайн-трансляциясы fincongress.kz сайтында, сондай-ақ, ҚҰБ-тың Қазақстан Ұлттық Банкі – YouTube YouTube-арнасында көрсетіледі.  

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға