1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Nazarbayev University және Нархоз университетімен бірлескен бағдарламалар аясында 42 грант бөлді

Биыл 42 студент кадр даярлау бойынша бірлескен бағдарламалар аясында Ұлттық Банктің Nazarbayev University және Нархоз университетіне бөлген гранттарына ие болды.

Nazarbayev University-нің Master of Science in Finance бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған түсу емтихандарының нәтижесіне сай 20 кандидатқа Ұлттық Банктің гранттары ұсынылды.

Нархоз университетінде «қаржы талдаушысы», «қаржылық тәуекел-менеджер», «макроталдау және болжау» және «актуарий» бағдарламаларына 22 магистрант конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, Ұлттық Банктің гранттарына ие болды.

Студенттермен оқу шарттары жасалады. Ал, оқу аяқталғаннан кейін олар Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналаса алады.

Бұған дейін Нархоз университетімен ынтымақтастықта 2003 пен 2018 жылдар аралығында 700-ден астам магистрант даярланды. Студенттердің бірінші легін оқыту қорытындысы бойынша 2022 жылы 11 магистрант Ұлттық Банкке және 8 магистрант Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналастырылды.

Nazarbayev University-мен арадағы ынтымақтастық бойынша Master of Science in Finance бағдарламасы бойынша оқыған 75 магистранттың 50 түлегі Ұлттық Банкте жұмыс істейді. Қалған түлектер – қаржы секторында.

Бағдарламалардың мазмұнымен және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің gsb.nu.edu.kz/programmy сайтында және Нархоз университетінің Қолданбалы қаржы магистратурасының applied-finance.narxoz.kz сайтында танысуға болады.

Ұлттық Банк Nazarbayev University және Нархоз университетіне үлестірілетін грант байқауы туралы жұртшылықты 4 наурызда және 9 маусымда хабардар етті.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға