1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк «Назарбаев Университеті» ДББҰ-мен бірлескен бағдарламасы аясында 25 грант бөледі

2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы мамыр аралығында «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебімен Master of Science in Finance бірлескен бағдарламасы аясында Ұлттық Банктің гранттары бойынша білім алуға өтінімдер қабылдау жүргізіледі.

Бағдарламаның мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.

Бағдарлама аясында қаржы және онымен сабақтас пәндер бойынша оқыту жүргізіледі. Бағдарлама түлектері талдамалық және сандық білім мен дағдыларды меңгереді (қаржылық модельдеу, дерекқорды пайдалану, Bloomberg дағдылары және т.б.).

Бағдарлама бойынша оқытуды 2022 жылғы тамызда бастау жоспарланған. Үміткерлер университеттің талаптары мен шарттарына сәйкес конкурстық іріктеуден өтеді. Бағдарлама бойынша оқыту мерзімі – 16 ай.

Оқу аяқталғаннан кейін бағдарлама түлектерінде Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу мүмкіндігі болады.

Бағдарламалардың мазмұны және оқуға қабылдауға қойылатын талаптармен «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінің сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон бойынша алуына болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға