1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Экономикадағы кредиттер бойынша статистиканы кеңейтілген анықтамада жариялау туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында 27 тамыздан бастап экономикадағы кредиттер бойынша статистиканы кеңейтілген анықтамада тоқсан сайын жариялап тұруға бекінгенін хабарлайды. Ол екінші деңгейлі банктерден басқа кредит берушілердің кеңейтілген спектрін қамтиды.

Осы бөлімде жарияланатын экономиканың нақты секторына кредит беру жөніндегі статистикаға квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ипотекалық ұйымдар мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттері бойынша деректер де енгізілген.

Статистикалық деректер Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында «Кредит нарығы» бөлімінде орналастырылған.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға