1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржы нарығына қатысушылар үшін ҚҰБ-тың «реттеуші құм-алаңын» дамыту жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту тұжырымдамасының іс-шаралар жоспары аясында қаржы нарығына қатысушылармен бірге ҚҰБ-тың «реттеуші құм-алаңын» дамыту жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кеңес ҚҰБ Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың жетекшілігімен өтті. Оның жұмысына қаржы технологиясы секторының, төлем ұйымдарының, екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы – барлығы 70-тен астам ұйым өкілдері қатысты.

Кеңестің мақсаты – «реттеуші құм-алаң» жобасының келешегіне қатысты бірлескен әрі кешенді көзқарас қалыптастыру, ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және реттеушілік мәселелеріне қатысты сұрақтарды талқыға салу.

Қатысушыларға ҚҰБ «реттеуші құм-алаңының» механизмін дамытудағы қазіргі кедергілер талданған жұмыс пен олардың алдын алуға қатысты негізгі стратегиялық шаралар, халықаралық және қазақстандық тәжірибелерден құралған шолу, сондай-ақ қазақстандық қаржы-технологиялық-индустрияны дамыту үшін осы құралды енгізудегі және жүзеге асырудағы негізгі басымдықтар ұсынылды.   

Кеңес соңында «реттеуші құм-алаң» жобасын әзірлеуге қажет ең тиімді әрі сұраныста бар тәсілдерді, сондай-ақ алдағы іс-шаралар жоспарын талқылау барысын жалғастыру үшін қаржы нарығының қатысушыларына кері байланыс жолдары ұсынылды.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға