1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банктің өкілдері қаржы нарығының сарапшыларымен кездесті 

Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі бөлімшелерінің басшылары ашық пікірталас форматында қаржы нарығының сарапшыларымен ой алмасты.

Сарапшылар қауымдастығынан тәуелсіз 10 экономист пен қаржыгер, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты. Ұлттық Банктің тарапынан Төраға, Төрағаның орынбасары, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің мүшелері – департамент басшылары, Төрағаның кеңесшісі қатысты.

Ұлттық Банктің Төрағасы Ғалымжан Пірматов кездесуді ашып, бұрыннан тәжірибеде бар сарапшылармен бас қосу дәстүрін қайта жаңғырту – ақша-кредит саясаты бойынша коммуникацияның ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталып отырғанын айтты.

Өз кезегінде, Төрағаның орынбасары Ақылжан Баймағамбетов пікірталас алаңының талдамалық әлеуетін және тиімділігін арттыру үшін пікірталасқа макроэкономикалық тұрғыда болжаушы сарапшылардың шақырылатынын атап өтті.

Жиынға қатысушылар Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме бойынша соңғы шешімін қабылдауға түрткі болған негізгі экономикалық факторларды талқылады. Сыртқы алғышарттар, отандық экономикадағы жағдай, инфляциялық процестер мен инфляциялық тәуекелдер де назардан тыс қалған жоқ.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға