1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төтенше жағдай кезінде қаржы секторының есеп беру мерзімдері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) төтенше жағдай кезеңінде ҚР қаржы секторы бойынша есеп ұсыну мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды:

есеп түріне қарай екінші деңгейлі банктер, сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығындағы субъектілер үшін;

2022 жылғы 28 қаңтарға дейін (қоса алғанда) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен уәкілетті ұйымдар, ипотекалық ұйымдар, «Қазпочта» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролар үшін.

Есеп беру мерзімдерін кейінге қалдыру туралы толығырақ ақпаратпен ҚҰБ сайтында танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға