1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр резервін қалыптастыру туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу басталғаны туралы хабарлайды. Қатысу үшін 2022 жылғы 5 қаңтар – 2022 жылғы 5 ақпан (қоса алғанда) аралығында Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында электрондық резюме толтыру қажет.

Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі өлшемшарттар: білімі, жоғары біліктілік деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық сертификаттардың болуы (қаржы, IT саласында).

Кадр резервіне іріктеу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бірінші кезең – түйіндеме мен мотивациялық хат (эссе) жолдау, одан кейін оларды қарау қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Ұлттық Банкінің адам капиталын дамыту департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі бөлімше басшыларымен әңгімелесуге шақырылады.

Іріктеуден өткен және кадр резервіне алынған ізденушілер жыл ішінде Қазақстан Ұлттық Банкіне жұмысқа орналасуы мүмкін.

Кадр резервіне алынған кандидаттар тізімі Ұлттық Банктің сайтында жарияланады.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7(7172) 77 51 32
+7 (7172) 77 55 77 (ішкі 1541)
e-mail: HR@nationalbank.kz

Жоғарыға