1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекетаралық банк Кеңесі отырысының қорытындысы туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Мемлекетаралық банк Кеңесінің 63-отырысына қатысты. Іс-шараға Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан орталық банктерінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Мемлекетаралық банктің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы мен бюджеттің орындалуын талқылады. Банктің 2022 жылға арналған бюджетін және 2021 жылғы қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қорытындыларын бекітті. Сондай-ақ Кеңес мүшелері Мемлекетаралық банктің 2022 жылға арналған жұмысының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар отырыс барысында Банктің 2022 жылғы Кеңесіне төрағалық етуші тарап сайланды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, бірауыздан қабылданған шешіммен Мемлекетаралық Банктің Кеңесіне төрағалық ету құқығы Қазақстан Ұлттық Банкіне берілді.

Мемлекетаралық банк Кеңесінің кезекті отырысы 2022 жылдың көктемінде өтеді.

Мемлекетаралық банк 1993 жылы құрылған ТМД-ға мүше елдердің халықаралық есеп айырысу және кредит-қаржы мекемесі болып саналады. Мемлекетаралық банктің Армения, Беларусь және Қырғызстанда өкілдіктері бар. Банктің құрылтайшылары (қатысушылары) – Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Түрікменстанның үкіметтері мен орталық банктері болып табылады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға