1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын ұзарту жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайтпай, оның қолданыс мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзартуды тапсырды.

Ұлттық Банк осы тапсырманы орындау үшін екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның бағдарламаға қатысуы аясында олардың облигацияларын сатып алу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзарту туралы 2021 жылғы 20 қыркүйектегі №78 шешімді қабылдады. Шешім оның қолданылу мерзімі бөлігінде бағдарламаға тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Ұлттық Банк қарастырған қаражат 2022 жылы қызметі импорт алмастыруға және жаңа өндірістер құруға бағдарланған кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2021 жылғы 24 қыркүйектегі жағдай бойынша, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на 1,58 трлн теңгеге 4004 өтінім түсті. Оның ішінде 1,1 трлн теңгеге 3373 жоба мақұлданып, 901,3 млрд теңгеге 3278 несие берілді.

Толық ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға