1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі орталық банктер ынтымақтастығының келешегі туралы

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі орталық банктердің және қаржы реттеушілерінің басшылары ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің Валюта саясаты жөніндегі консультациялық кеңесі отырысында өзара ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Іс-шара Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалығымен Бішкек қаласында өтті. Отырысқа Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев қатысты.

Отырысқа қатысушылар проинфляциялық қысым жағдайында ЕАЭО елдеріндегі ақша-кредит саясатын іске асыру мәселесі мен ағымдағы макроэкономикалық жағдайды талқылады.

Тараптар пандемиядан кейінгі кезеңде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін, сондай-ақ іскерлік белсенділікті қолдау және ынталандыру бағдарламаларын іске асыру мәселелеріне қатысты пікір алмасты.

Консультациялық кеңестің келесі отырысы 2022 жылы көктемде өтеді.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға