1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ШЫҰ орталық банктерінің төрағалары мен қаржы министрлерінің кездесуі туралы

ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердегі орталық (ұлттық) банктердің басшылары мен қаржы министрлерінің онлайн-отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы қатысты. Қазақстан тарапынан Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қатысты.

ШЫҰ–ға мүше-мемлекеттердегі орталық банктердің басшылары мен қаржы министрлері пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың қалпына келу қарқыны жайындағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ тараптар ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің үкіметтері мен орталық банктерінің іскерлік белсенділікті қолдау және ынталандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асырудағы рөлін бағалады.

Отырыс барысында тараптар, сонымен қатар, ШЫҰ Даму Банкі мен Даму Қорын (арнайы шотты) құру жөніндегі бастаманы талқылап, жаңа институттың жұмыс істеудегі ықтимал механизмдерін талдау мақсатында өзара консультацияларды жалғастыратын болып келісті.

Отырысқа қатысушылар қаржы саласындағы, оның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту тәсілі – коронавирус пандемиясының салдарын еңсеруде тиімді құралға айналу керек екенін атап өтті.

ШЫҰ орталық банктерінің төрағалары мен қаржы министрлерінің кездесуі ұйымның 20 жылдық мерейтойы аясында өткен негізгі іс-шаралардың бірі болып отыр.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға