1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Мемлекетаралық банкке мүше мемлекеттер 2020 жылы атқарған қызметтерінің қорытындысын талқылады

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Мемлекетаралық банк Кеңесінің 62-отырысына қатысты.

Жиынға Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның орталық банк өкілдері қатысты.

Қатысушылар Мемлекетаралық банктің 2020 жылы атқарған қызметін қорытындылап, бюджеттің орындалу барысын талқылай отырып, ішкі аудит пен бақылау қызметінің жұмысы туралы есебін тыңдады.

Кеңес мүшелері 2021–2025 жылдарға арналған жұмыстың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты, Covid-19 пандемиясы кезіндегі институт қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарастырып, цифрлық трансформация жағдайында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағытын бекітті.

Мемлекетаралық банк 1993 жылы құрылған және ТМД-ға мүше мемлекеттердің халықаралық есеп айырысу және кредит-қаржы мекемесі болып табылады. Мемлекетаралық банктің Армения, Беларусь және Қырғызстан елдерінде өкілдігі бар.

МАБ Fitch Ratings агенттігінің тұрақты болжамы бар «ВВ+» рейтингіне ие.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты келесі телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға