1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз операциялары көлемінде онлайн операциялардың үлесі 81%-ға дейін өсті

2020 жылы қазақстандық банктердің карточка иегерлері 35,3 триллион теңгеге 3 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасады. Бұл көлемнің 81%-ы онлайн-операциялар – интернеттегі төлемдер мен мобильді банкингке тиесілі.

Бұл ретте айтарлықтай өсім карантиндік шектеулерге байланысты қалыптасып отыр. Қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялардың жалпы санындағы онлайн-транзакциялардың үлесі 2020 жылдың соңында 66% -ды құрады, ал 2020 жылдың басында ол тек 46% болды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша, мобильді және интернет-банкингті белсенді пайдаланушылар саны 82%-ға артып, 14 миллионды құрады.

Жалпы, осы қызметтерді қолданушылардың саны бір жыл ішінде 46%-ға өсті.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуға болады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға