Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 19 мамыр күні сағат 10-нан 11-ге дейін ҚҰБ-тың интернет-ресурсы уақытша ажырауы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк төлем жүйелері мен маңызды төлем қызметтерін жеткізушілердің тізілімін жаңартты

Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерінің тізілімін жаңартты. Жаңа нұсқамен ресми интернет-ресурста танысуға болады.

Қазақстанда қаржы нарығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін 18 төлем жүйесі тіркелген. Олардың ішінде Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жүйелік маңызы бар. Оның жұмысын ҚҰБ Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы қамтамасыз етеді. БААЖ арқылы валюта нарығына, бағалы қағаздар нарығына, банк секторына қатысушылар төлемдерінің 90%-дан астамы жүргізіледі.

ҚҰБ тізілімінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша, банкаралық клиринг жүйесі маңызды төлем жүйелеріне жатқызылды. Бұл жүйе БААЖ-ды қоспағанда, нарықтағы төлемдер көлемінен 63%-дан астамына қызмет көрсетеді.

Маңызды төлем жүйелеріне Visa мен Masterсard халықаралық карточкалық төлем жүйелері де жатқызылды.

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының 7 жүйесі жұмыс істейді, олардың біреуі маңызды төлем жүйелеріне жатқызылған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша, маңызды төлем қызметтерін көрсетушілердің тізілімдері де жаңартылды. Бұл тізімге сегменттердің әрқайсысында бір төлем қызметін ұсынушы кіреді: БААЖ-дағы төлемдер, төлем карточкалары нарығындағы тікелей корреспонденттік шоттар арқылы төлемдер. Электрондық ақша сегментінде екі жеткізушінің маңызы артты.

Маңызды төлем жүйелері мен маңызды төлем қызметтерін жеткізушілерге қойылатын талаптар Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңның нормаларында белгіленген. Ұлттық Банк бұл тізілімдерді төлем жүйелері мен маңызды төлем қызметтерін жеткізушілердің жұмыс істеуі туралы талдамалық мәліметтер негізінде қалыптастырады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға