«Қазақстан Ұлттық Банкінің Цифрлық даму орталығы» акционерлік қоғамы
«Қазақстан Ұлттық Банкінің Цифрлық даму орталығы» акционерлік қоғамы
«Қазақстан Ұлттық Банкінің Цифрлық даму орталығы» АҚ (бұдан әрі - ЦДО) 2025 жылғы 17 шілдеде «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» АҚ-нан «Қазақстан Ұлттық Банкінің Цифрлық даму орталығы» АҚ болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды, ол өз кезегінде 1995 жылы құрылған.
ЦДО құрылтайшысы, сондай-ақ жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚРҰБ) болып табылады.
ЦДО-ның негізгі мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның үздіксіз және қорғалған жұмыс істеуін қамтамасыз ету, деректерді басқару процестерін технологиялық қамтамасыз ету, ҚРҰБ, оның филиалдары мен ұйымдарының процестерін цифрландыру болып табылады.
ЦДО негізгі функциялары:
- ҚРҰБ, оның филиалдары мен өкілдігін қоса алғанда, оның ұйымдары (бұдан әрі - ЕҰ, АФ), қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Агенттік) үшін бағдарламалық өнімдерді (зияткерлік меншік объектілерін) әзірлеу, сүйемелдеу, жеткізу (енгізу);
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, ақпаратты автоматтандырылған өңдеу бойынша қызметтер көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін ақпараттық технологиялар (бұдан әрі – АТ) саласында сараптамалық талдау жүргізу;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, АТ байланысты автоматтандырылған бизнес-процестерді зерттеу жүргізу, талдау және оңтайландыру;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, жобаларды (project management), жобалар портфелін (portfolio project management) басқару қызметтерін көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, Бірыңғай қорғалатын корпоративтік деректер беру желісіне қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, аппараттық - бағдарламалық кешендерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету және бірыңғай қорғалатын корпоративтік деректер беру желісінің АТ-инфрақұрылымын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, Сатып алу порталын пайдалану, дамыту, ақпараттық қауіпсіздікті (бұдан әрі – АҚ) қамтамасыз ету және жүйелік-техникалық қызмет көрсету. Ұлттық ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттікке және сатып алу порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі әлеуетті жеткізушілерге қызметтер көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді (зияткерлік меншік объектілерін) пайдалану және ілеспе ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қаржы секторының ұйымдарына қызметтер көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттікке оларды пайдалануға беруді қоса алғанда, серверлік үй-жайлардың (деректерді өңдеу орталықтарының) және телекоммуникациялық инфрақұрылымның жұмысын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету;
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, киберқауіпсіздік саласында (оның ішінде АҚ қамтамасыз ету және ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналары мен арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша) жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету);
- ҚРҰБ, ЕҰ, АФ, Агенттік үшін, деректерді берудің бірыңғай қорғалған корпоративтік желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді және технологияларды пайдалануға беру».
Басқарма Төрағасы - Малик Алимжанович Амардинов
Байланыс ақпараты:
Тел\Факс: +7 (727) 258 49 58
e-mail: info@bsbnb.kz
Интернет-ресурсы: www.ddcnb.kz
Мекен-жайы: Z05T8F6, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 57А