1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Бұл бөлімде еліміздің банк секторына қатысты маңызды мәліметтер бар. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер де жеке-жеке беріледі. Бұл деректер банк секторының тұрақтылығы мен даму қарқынын бағалауға көмектеседі. Мәлімет ай сайын немесе тоқсан сайын жаңартылып отырады.

Несие портфелінің құрылымы мен сапасы туралы мәліметтер — кестеде екінші деңгейлі банктердің кредит портфелі туралы мәлімет жинақталған. Онда мынадай бағыттар бойынша нақты деректер беріледі: қаржылық және қаржылық емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке тұлғаларға берілген кредит санаттары; мерзімі өткен берешек күнінің саны; кредиттік тәуекелдердің деңгейі. Бұл мәліметтер екінші деңгейлі банктерде кредит портфелінің сапасындағы өзгерістерді көрсетіп, олардың кредиттік қызметіне байланысты сын-қатерді бағалау үшін қолданылады. Деректер ай сайын жаңартылып отырады.

Меншікті капитал, міндеттемелер және активтер туралы мәліметтер — кестеде екінші деңгейлі банктердің қаржылық ахуалын сипаттайтын басты көрсеткіштер қамтылған. Атап айтқанда: банк активтері мен міндеттемелері, меншікті капиталы, табысы не шығыны, берген кредиттері мен тартқан депозиттері. Бұл мәліметтер банктердің балансына еніп отырған негізгі қаржылық баптардың жай-күйін айқындап, олардың жалпы қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Деректер ай сайын жаңартылып отырады.

Салымдардың құрылымы туралы мәліметтер — кестеде екінші деңгейлі банктердің заңды және жеке тұлғалардан тартқан салымдары туралы жинақталған мәлімет берілген. Салым қайтару шартына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: қажет болғанға дейінгі, мерзімі бар, жинақтық және шартты салымдар. Мәліметтер ай сайын жаңартылып отырады.

Кесте Статистикалық ақпаратты жариялау кестесіне сәйкес тұрақты түрде жаңартылып тұрады. 

119 Кб
Жарияланған күні:
164.66 Кб
Жарияланған күні:
163.06 Кб
Жарияланған күні:
20.53 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға