500 теңге
2025 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 25.12.2025
Өлшемі: 125х70 мм
Түсі: көк
Бет жағы
Бет жағының орталық бейнелері:
– көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы);
– ДНҚ спиралін және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;
- артефакт – Арқардың басы түріндегі әшекейдің фрагменті (Берел қорғаны, б.з.д. 8-7 ғғ., ШҚО).
Сырт жағы
Сырт жағындағы негізгі бейнелер:
– ою-өрнекпен көмкерілген қалқан аясында бейнеленіп тұрған Қазақстанда мекендейтін Арқар;
– негізгі бейненің артында бірнеше мағына беретін қазақы ою-өрнек орналасқан:
• «Қалқан» – құндылықтар қорғанын білдіреді,
• ежелгі символ – дүниенің төрт құбыласы,
• ортасында жасампаз энергияның нышаны ретінде күн белгісі бейнеленген.
– банкноттың ортасында қазақи «шексіздік» ою-өрнегінің контуры салынып, оның ішінде «Мұзтау» тауының ландшафтық көрінісі бейнеленген.
2017 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 22.11.2017
Өлшемі:130х67
Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнелері – «Қазақ елі» монументі (Астана қ.), ұшып келе жатқан көгершіндер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнелері – Каспий теңізі үстінен ұшып келе жатқан шағалалар, Қазақстан картасының сұлбасы.
2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2006
Өлшемі: 130х67
Бет жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнелері – «Бәйтерек» монументі (Астана қ.), мемлекеттік әнұранның ноттары, ашық алақан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: ту мен елтаңба.
Сырт жағы: басым түстері – көк және сұр. Негізгі бейнелері – Каспий теңізі үстінен ұшып келе жатқан шағалалар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің ғимараттары, Қазақстан картасының сұлбасы.
Назар аударыңыздар: «2006 жылғы үлгідегі және 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 207 қаулысына сәйкес 2006 жылғы номиналы 500 теңгелік банкноттар 2006 жылғы 10 маусымнан бастап төлем құралы болуын тоқтатты.
2021 жылдың 12 маусымынан бастап 2006 жылы шыққан банкноттарды мерзімсіз айырбастау кезеңі күшіне енгенін еске салады. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз ҚҰБ аумақтық филиалдарында айырбастауға болатынын атап өтеміз.
ӨЗГЕРТІЛГЕН ДИЗАЙНМЕН 1999 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 15.11.2002
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түстері – көк. Негізгі бейнелері – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер (банкнотты қарау бұрышына байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі және "500" саны) қолданылған.
Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.
1999 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 01.09.2000
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті. Қосымша қорғаныш элементтер ("Қазақстан" деген жазуы және "500" саны бар металсыздандырылған жіп, алтын интаглио) қолданылған.
Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі.
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы банкноталарын ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 68 қаулысына сәйкес 1999 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2007 жылғы 15 қарашадан бастап ақша айналысынан алынды. 2018 жылдың 14 қарашасында бұл банкноттарды қабылдау аяқталды.
1994 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ НОМИНАЛЫ 500 ТЕҢГЕ БАНКНОТ

Айналысқа енгізілген күні: 27.07.1994
Өлшемі: 144х69 мм
Бет жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Шығыстың ғалымы, ойшылы, математигі және философы Әл-Фарабидің (870-950) портреті.
Сырт жағы: басым түсі – көк. Негізгі бейнесі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бөлігі
Назар аударыңыздар: «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгілерін ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі № 300 қаулысына сәйкес 1994 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар 2001 жылғы 1 қыркүйектен бастап ақша айналысынан алынды. Осы банкноттарды айырбастау 2012 жылғы 31 тамызда аяқталды.