10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТА HIGH SECURITY PRINTING БАЙҚАУЫНДА БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ
2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкнота High Security Printing байқауында «Үздік жаңа банкнота» номинациясында бірінші орын алды.
High Security Printing – банкноттар мен жеке басын куәландыратын құжаттар саласындағы ерекше инновациялар үшін жыл сайын өткізілетін халықаралық конференцияларда берілетін беделді марапаттардың бірі. Байқау банкноттың көркем дизайнын, технологиялық инновацияларын және шығарушы елдің мәдени мұрасын бейнелейтін символиканы бағалайды. Бұл марапат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ұлттық валютаны әзірлеу саласындағы жоғары стандарттарды айқындайды.
10 000 теңгелік банкнота 2024 жылдың 28 маусымында айналымға енгізілді. Бұл жаңа «Сақ стилі» сериясындағы екінші банкнота. Оның дизайны дәстүрлі қазақ ою-өрнегінің бастауы болып саналатын «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділер мәдениетінен қазіргі Қазақстанға дейінгі елдің мұрасын бейнелейді.